Бізге жазылыңыз:

Донор өңірлер алдағы үш жылда республикалық бюджетке 3,3 трлн теңге бөледі

Донор өңірлер алдағы үш жылда республикалық бюджетке 3,3 трлн теңге бөледі
Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасы «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауына шығарылып отыр.

Талқылаудан кейін құжат Мәжілістің қарауына жіберіледі.

2026 жылы республикалық бюджетке трансферт бөлетін өңірлер — Астана мен Алматы қалалары, Атырау облысы.

Үш өңірден жалпы сомасы 879 млрд 947 млн 69 мың теңге алу жоспарланған. Оның ішінде Атырау облысынан — 262 млрд 404 млн 282 мың теңге, Алматы қаласынан — 491 млрд 887 млн 502 мың теңге, Астана қаласынан — 125 млрд 655 млн 826 мың теңге қарастырылған.

2027 жылы да осы үш өңірден 1 трлн 79 млрд 818 млн 403 мың теңге алу көзделген. Оның ішінде Атырау облысынан — 237 млрд 910 млн 881 мың теңге, Алматы қаласынан — 600 млрд 946 млн 982 мың теңге, Астана қаласынан — 240 млрд 960 млн 540 мың теңге қарастырылған.

Ал 2028 жылы донор өңірлердің қатарына Маңғыстау облысы қосылады. 4 өңірден жалпы сомасы 1 трлн 400 млрд 607 млн 718 мың теңге алу көзделген. Оның ішінде Атырау облысынан — 278 млрд 969 млн 171 мың теңге, Маңғыстау облысынан — 1 млрд 248 млн 369 мың теңге, Алматы қаласынан — 699 млрд 746 млн 657 мың теңге, Астана қаласынан — 420 млрд 643 млн 521 мың теңге алу жоспарланған.

Ал республикалық бюджеттен өңірлік бюджеттерге 2026 жылы 5 трлн 137 млрд 567 млн 833 мың теңге, 2027 жылы 6 трлн 357 млрд 838 млн 886 мың теңге, 2028 жылы 6 трлн 796 млрд 559 млн 470 мың теңге бөлу көзделіп отыр.

Ұқсас материалдар