- Егер жылдық табыс 24 мың АЕК-тен асқан жағдайда еңбекақы қоры сомасына салық салынатын табысты азайту қарастырылған. Бұл шамамен 100 млн теңге. Осы режимді қолданатын салық төлеушілер ҚҚС пен әлеуметтік салық төлеушілері болып саналмайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 4 пайыздық бірыңғай ең төмен төлем қарастырылған жаңа жеңілдетілген режим енгізіледі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді. Бірыңғай төлемге міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және МӘМС жарналары кіреді, - деді Е.Сағынаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Ұлттық экономика министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті бірлесіп, салық бойынша есеп беру формаларын 30%-ға қысқартты. Шағын және орта бизнес үшін декларацияларды автотолтыру мүмкіндігі енгізіледі, бұл үшін салық төлеуші салық құпиясын ашуға келісуі керек.
- Мемлекет жоспарлы тексерулерді толығымен алып тастады, тек тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тексерулер қалады. Шағын және орта бизнес үшін 2026 жылға дейінгі кезеңдерге салықтық тексерулер мен камералық бақылау толығымен жойылды. Егер салық сомасы 1 миллион теңгеден аз болса, жер, көлік және мүлік салығы бойынша төлем есептеулері де тоқтатылды, - дейді вице-министр.





