
Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізіліп жатыр.
ҚХР астанасында медицина, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және газ-химия салаларын қамтитын бес меморандумға қол қойылды:
«Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум — медициналық инфрақұрылымды дамытуға және денсаулық сақтау саласында технологияларды бейімдеуге бағытталған.
«Yino» халықаралық компаниясымен (Гонконг) меморандум — өнеркәсіп секторында және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді.
Vega Power компаниясымен меморандум — энергетикалық серіктестік және баламалы энергия көздерін енгізу мәселелерін қамтиды.
Sunway Concept Limited- пен өзара түсіністік туралы меморандум тұрғын үй құрылысын дамытуға және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.
Foshan City Construction Engineering Co., Ltd. және «Zhaik Petroleum LTD» компанияларымен үшжақты меморандум — БҚО аумағында метанол өндіретін зауыт салу туралы.
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, CHN Energy International Development Co., Limited және «Батыс Пауэр» ЖШС арасындағы ГТЭС-200 «Орал» станциясын кеңейту жобасын іске асыру бойынша жол картасы.