Бізге жазылыңыз:

БАӘ мен Үндістан Қазақстаннан ешкі етін алуға қызығып отыр

БАӘ мен Үндістан Қазақстаннан ешкі етін алуға қызығып отыр
Бұл мәселе Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Lulu Kazakhstan компаниясының бас директоры Мохидин Хусейн Файсал және IGateway Ltd компаниясының негізін қалаушы CEO Гунасилан Айотхи Даниэлмен кездесуінде көтерілді. 

Кездесу барысында шетелдік тарап халықаралық сапа талаптарына сәйкес келетін ешкі етіне, сондай-ақ өзге де халал ет өнімдеріне қызығушылық танытқан. 

«Шетелдік тарап халықаралық ветеринариялық-санитариялық және сапа талаптарына сәйкес келетін ешкі етін, сондай-ақ басқа да халал ет өнімдерін импорттауға қызығушылық білдірді. Үндістанның тұтыну нарығының қарқынды өсуі отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді», – делінген хабарламада.

Министр Қазақстанның мал шаруашылығы саласында айтарлықтай әлеуеті бар екенін және ветеринариялық талаптар сақталып, тұрақты жеткізілім қамтамасыз етілген жағдайда экспорт көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтқан.

Тараптар ветеринариялық сертификаттау, логистика және өндірушілер мен импорттаушылар арасында тікелей байланыс орнату бағытында жұмысты жалғастыруға келіскен.

Ұқсас материалдар