Бізге жазылыңыз:

БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда 4 жаңа су қоймасын салуға атсалысады

БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда 4 жаңа су қоймасын салуға атсалысады
Кездесуде тараптар Ислам даму банкі қаржыландыратын «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы аясындағы бірлескен жұмысты талқылады.

Жобаның бірінші кезеңінде 4 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 4 су қоймасын және 115 каналды реконструкциялау көзделген.

Министрлік мамандары мен БҰҰДБ сарапшылары ғылыми тәсілдерді қолдану, жобаның тиімділігін арттыру шараларын және жұмысқа қатысушы тараптардың өзара іс-қимылын пысықтады.

Айта кетейік, биыл шілде айында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ислам даму банкі жобаға БҰҰДБ-ны халықаралық кеңесші ретінде тарту жөнінде шешім қабылдаған болатын.

— БҰҰДБ-ның қатысуы жобаны жаңа деңгейге шығарады. Ислам даму банкі қаржыландыратын жұмыстар су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Жобаны сәтті орындау үшін нормативтік-құқықтық база жаңартылды, қажетті институттар құрылды, қаржы көздері тартылды. Енді қолға алынған жұмысты соңына жеткізу қажет. Ынтымақтастығымыз тұжырымдамада белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз, — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас материалдар