Бізге жазылыңыз:

Азық-түлік пен қызмет бағасы қымбаттады

Азық-түлік пен қызмет бағасы қымбаттады

Қазақстанда сәуір айында инфляция 1,2%-ды құрады. Азық-түлік бағасы 1,1%-ға, ақылы қызметтер – 1,9%-ға, ал азық-түлік емес тауарлар – 0,6%-ға өсті.

Коммуналдық қызметтер арасында қоқыс шығару тарифі бір айда 4,5%-ға қымбаттады. Сонымен қатар монша (5%), сұлулық салондары (2,6%), қоғамдық тамақтану (2%) мен интернет байланысы (4%) қызметтері де едәуір өскен.

Азық-түліктің ішінде ең қатты қымбаттағандары: қырыққабат (+20,2%), қызылша (+11,7%), пияз (+11,5%), сәбіз (+9,2%), картоп пен лимон (+7,1%).

Жылдық көрсеткіш бойынша инфляция деңгейі 10,7%-ды құрады. Соңғы бір жылда картоп 79%-ға, пияз – 63,8%-ға, қырыққабат – 46,8%-ға, күнбағыс майы – 20,8%-ға қымбаттаған.

Ал кейбір өнімдер, мысалы, қарақұмық, күріш пен жұмыртқа арзандаған.

Аймақтар бойынша ең жоғары инфляция Астанада (13,8%), Қарағанды облысында (12,8%) және Ақмола облысында (11,8%) тіркелді.

Ұқсас материалдар