— Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасындағы жағдай бойынша, ӘМАТ-қа белгіленген шекті сауда үстемесін асырғаны үшін 1 406 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш 2025 жыл бойы осы бап бойынша тіркелген құқық бұзушылықтардың жалпы санының (2 913) шамамен 50 пайызына тең, — деп хабарлады ведомстводан.
Баға қалыптастыру тізбегіндегі делдалдық схемаларды анықтау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы жанданды. Ел бойынша барлығы 372 отырыс өткізіліп, 1 092 заң бұзушылық анықталды, 974 хаттама толтырылды, тауар өткізу тізбегінен 118 делдал шығарылды.
— Негізгі бағыттардың бірі — электрондық шот-фактураларды талдау. Жыл басынан бері сауда үстемесін асыру тәуекелі бар 2 361 жағдай анықталып, олар бойынша мәліметтер өңірлік бөлімшелерге егжей-тегжейлі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды, — делінген хабарламада.





