ЖАҢАЛЫҚТАР
Ауа мен судағы зиянды заттар көлемге қарсы жүздеген миллион теңге бөлінеді

Қазақстанда 2025-2027 жылдары қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту мақсатында 384 млн теңге бөлінеді.
2025 жылы қаржыландыру көлемі 223,1 млн теңгені, 2026 жылы – 100,2 млн теңгені, 2027 жылы – 60,7 млн теңгені құрайды.
Министрлік 2027 жылға қарай атмосфераға таралатын ластаушы заттар көлемін 4,28 млн тоннадан 4,26 млн тоннаға дейін, ал суға төгілетін зиянды заттар көлемін 2,35 млн тоннадан 2,33 млн тоннаға дейін азайтуды жоспарлап отыр.
Сонымен бірге парниктік газдарды азайтуға қосымша 796,9 млн теңге бөлінетін болады.