
Астанада арнайы экономикалық аймақ "Астана-Технополис" кеңейтілмек. Бұл мақсатта №2 индустриялық парк құрылады. Жобаның жалпы ауданы 409 гектарды құрайды.
Индустриялық парктің құрылысына қажетті техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
АЭА аумағында 150-ге жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жобаға тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі 500 млрд теңгеден асады деп күтілуде. Жаңа нысандар ел экономикасының негізгі салаларында жұмыс істейтін болады, бірақ нақты бағыттар әзірге жарияланған жоқ.