Бізге жазылыңыз:

Astana Hub құрылыс саласында 32 инновациялық жобаны іске асырып жатыр

Astana Hub құрылыс саласында 32 инновациялық жобаны іске асырып жатыр
Astana Hub арқылы құрылыс саласында 32 инновациялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.  - Astana Hub арқылы құрылыс саласында 32 инновациялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Құрылысты басқару, сатып алу-сатуды автоматтандыру, объектілерді мониторингілеу, техниканы басқару және еңбекті қорғау үшін платформалар енгізіліп жатыр. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 750 жұмыс орны құрылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қатысушылардың табысы 13 млрд теңге болды, - деді Жаслан Мәдиев.

Ұқсас материалдар