ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматыда мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады: 2025 жылға арналған жоспарлар

Жұмыспен қамту шараларымен 32 мың адам қамтылатын болады, оның ішінде:
🔹 10,6 мың адам-тұрақты жұмысқа орналасу;
🔹 8,7 мың адам – субсидияланатын жұмыс орындары;
🔹 7 мың адам – "Бастау Бизнес" және платформадағы қысқа мерзімді курстар сияқты оқу бағдарламаларына қатысу enbek.kz.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерді қолдау үшін 400 АЕК-ке дейінгі гранттар қарастырылған.
2024 жылы Алматыда 84,7 мың жұмыс орны құрылды, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,8%-дан 4,6%-ға дейін төмендетуге ықпал етті. Жаңа шаралар еңбек нарығын нығайтуға және қала тұрғындары үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді деп күтілуде.