Бізге жазылыңыз:

Алматыда металл бұйымдарын өндіру кеңейтіледі

Алматыда металл бұйымдарын өндіру кеңейтіледі

«Темір ЖБ» компаниясы «Almaty Finance» қаржы ұйымынан 219,9 млн теңге көлемінде несие алды. Қаражат «Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында бөлінді және заманауи жабдықтар: арматура майыстырғыш, лазерлі кескіш, автоматты станоктар мен пресс-қалыптарды жөндеу құралдарын сатып алуға бағытталады.

Жобаның қуаттылығы жылына 500 тоннадан 1 020 тоннаға дейін ұлғаймақ. Компания 350-ден астам металл бұйым түрін шығаруды жоспарлап отыр және 15 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

«Кәсіпорын жыл сайын 100 млн теңгеге дейін салық төлейтін болады», – деді «Almaty Finance» төрағасы Берік Құсайынов. Негізгі нарық – Қазақстан, шикізат Алматы және Алматы облысынан алынады.

Ұқсас материалдар