Иеліктен шығарылатын нысандардың арасында Алматының бұрынғы әкімдерімен байланысы бар делінген ірі компаниялардың мүлкі де бар. Мәселен, сыртқы жарнама нарығындағы ең ірі операторлардың бірі «РТС Деко» АҚ-ға тиесілі 26 билборд орналасқан жер телімі тізімге енді. Айта кетейік, 2022 жылдың соңына дейін бұл компанияның акционерлері қатарында Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнәр Досаева мен кәсіпкер Гаухар Каппарова болған.
Тізімде Іле ауданын 14 жыл басқарған бұрынғы әкім Николай Логутовтың ұлы Константин Логутовқа тиесілі «Terra Invest Group» ЖШС-нің 17 жер телімі бар.
Осы айда наурызда Алматыға жұмыс сапарымен келген Тоқаев Дархан Сатыбалдыға LRT құрылысын жеделдетуді тапсырған еді. Жоспар бойынша, жоба 2027 жылы басталып, 2029 жылы аяқталуы керек.





