Бізге жазылыңыз:

Алматы метросының платформалық есіктеріне 7 млрд теңге жұмсалады

Алматы метросының платформалық есіктеріне 7 млрд теңге жұмсалады
Алматы метрополитенінің 11 бекетінде платформалық есіктер орнатылады.
Тиісті қызметке қатысты хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. Қалалық метро бекеттерінің перрондарында өздігінен ашылып-жабылатын есіктерді орнатуға 7 135 293 555 теңге бөлінген.

Рельстерді жолаушылардың платформасынан бөліп тұратын есіктердің жобасын жасау былтыр тамыз айында қолға алынған болатын. Жобаның техникалық ерекшеліктерге сәйкес, платформаның шетінен бүкіл ұзындығы бойынша шыны қоршау және есіктер орнатылады. Шыны қоршаулар жол тоннельдері мен пойыздың күту аймағы арасындағы тосқауыл болып, жолаушылар мен заттардың рельстерге абайсызда немесе әдейі құлауын болдырмайды. Метро вагондарымен автоматтандырылған есіктер синхронды түрде ашылатын және жабылатын болады.

Ұқсас материалдар