Бізге жазылыңыз:

Алматы мен Ыстықкөл арасын жаңа жол жалғайды

Алматы мен Ыстықкөл арасын жаңа жол жалғайды

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері Алматы – Ыстықкөл бағытында балама автожол салу мүмкіндігін қарастыруда. Жаңа бағыт Алматы – Ұзынағаш – Кечи-Кемин трассасы арқылы өтеді. Жалпы ұзындығы 70–80 км шамасында, оның 6 км-і Қырғызстан аумағынан өтеді.

Қазіргі уақытта жобаға қатысты технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленіп жатыр. Бұл жұмысты Азия даму банкі гранты есебінен қаржыландырып отыр.

ТЭН аясында жолдың санаты, ұзындығы, қаржы үлгілері мен трафик көлемі есептеледі. Егер тиімділік расталса, тараптар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) негізінде жобаны жүзеге асыруды қарастырады.

Бұл жол болашақта Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы туризм мен логистиканы дамытуға үлкен серпін береді.

Ұқсас материалдар