Бізге жазылыңыз:

Алматы мен өңірлер арасындағы LRT жобасы уақытша тоқтатылды

Алматы мен өңірлер арасындағы LRT жобасы уақытша тоқтатылды

Алматы – Талғар – Есік – Қаскелең – Ұзынағаш және Алматы – Қонаев бағыттары бойынша жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін салу жобасы қаржылық талаптарға сай келмегендіктен уақытша тоқтатылды. Бұл туралы өңірлік әкімдік LS редакциясының ресми сұранысына жауап берді.

Әкімдіктің мәліметінше, жобаның ауқымдылығына байланысты мәселе республикалық деңгейде қайта қаралатын болады. Бұрын жобаны түрік компаниясы ұсынған. Бастапқы кезеңде Талғар – Алматы бағытына салу жоспарланған еді, Қонаев – Алматы бағыты екінші кезең болмақ.

Сондай-ақ, балама қоғамдық көлік түрлері қарастырылуда. Бұл – көлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді. Жобаға халықаралық инвесторлардың қызығушылығы сақталып отыр.

Ұқсас материалдар