Бізге жазылыңыз:

Ақтөбеде 1,9 гектар пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтөбеде 1,9 гектар пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Жер иесіне жер телімін игеру туралы тиісті нұсқама берілген, алайда ол орындалмаған. Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментімен жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында, Ақтөбе қаласында орналасқан жалпы көлемі 1,9 гектар болатын, нысаналы мақсаты «көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін» берілген жер телімінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай бос жатқандығы белгілі болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше жер иесіне жер телімін игеру туралы тиісті нұсқама берілген, алайда ол орындалмаған. Әкімшілік жауапкершілікке тартқаннан кейін, департамент тарапынан жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа талап-арыз берілді.

Нәтижесінде, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен департаменттің талап-арызы толықтай қанағаттандырылып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осы орайда, АШМ ЖРБК әрбір жер иесі мен жер пайдаланушыға өздеріне тиесілі жерлерді нысаналы мақсатына сай әрі тиімді пайдалану, сондай-ақ барлық заң бұзушылықтардың алдын алу қажеттігі жөнінде ескертеді.

Ұқсас материалдар