Бізге жазылыңыз:

Ақтөбе облысында 77 млрд теңгеге жасыл жоба іске асады

Ақтөбе облысында 77 млрд теңгеге жасыл жоба іске асады

Ақтөбе облысында қуаттылығы 150 МВт болатын жел электр станциясы салынады. Жобаның жалпы құны – 77 млрд теңге.

Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Бірінші және екінші іске қосу кешендері келісу сатысында. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, қажетті жабдықтар мен материалдар жеткізіліп жатыр.

Жобаны 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Жамбыл, Маңғыстау және Жетісу облыстарында жел электр станциялары, Қызылорда мен Түркістан облыстарында күн электр станциялары, ал кейбір өңірлерде гибридті (ЖЭК + энергия сақтау жүйелері) станциялар салынады.

Ұқсас материалдар