
Биыл Ақтөбе облысында Лиманное кен орнын игеру бойынша ауқымды жоба жүзеге аспақ. Инвестиция көлемі — 281 млрд теңге. Жобаның қуаты жылына 1,2 млн тонна мыс рудасын өндіруге жетеді.
Кәсіпорынның іске қосылуы нәтижесінде 460 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.