Бізге жазылыңыз:

«Ақтау теңіз порты» аймағы 382 гектарға кеңейеді

«Ақтау теңіз порты» аймағы 382 гектарға кеңейеді
— «Ақтау теңіз порты» Каспий өңіріне шығуға жол ашатын негізгі арнайы экономикалық аймақ. Сондықтан биыл аймақтың қызмет ету мерзімі 2053 жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, өнеркәсіп пен логистиканы одан дамыту мақсатында аймаққа қосымша жер учаскелері қосылды. Атап айтқанда, өндірістік аймаққа Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жаңа учаскелер қосылып, қосымша өңдеу өндірістерін орналастыруға мүмкіндік берді, — деді И.Шархан.
Логистикалық аймаққа әуежайлар, Ақтау және Құрық порттары және теңіз терминалдары («Саржа» халықаралық теңіз терминалы) кірді. Алдағы уақытта «Ақтау теңіз порты» аймағын 382 гектарға кеңейту көзделіп отыр. Яғни, аймаққа «Ersai Caspian Contractor» қазақстандық құрылыс және теңіз компаниясының территориясы қосылып, сауда, логистика және теңіз инфрақұрылымын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Бұған дейін Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Ақтау мен Құрық порттары жаңғыртылып, Әзербайжаннан екі кеме сатып алынатынын айтқан еді.

Ұқсас материалдар