Бізге жазылыңыз:

Ақсу қаласында 2,6 млрд теңгелік жайылым жер мемлекетке қайтарылды

Ақсу қаласында 2,6 млрд теңгелік жайылым жер мемлекетке қайтарылды
Қазір аталған аумақтар арнайы жер қорына енгізіліп, белгіленген мақсаттарына сәйкес бөлінетін болады, деп хабарлайды Ақсу қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратураның ұсынысын қарау нәтижесінде құны 2,6 млрд теңге болатын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы аумағы 2 410 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.
Тексеру барысында халықтың мал жаюына ғана арналған жер учаскелерінің үшінші тұлғаларға өзге мақсаттарда берілгені анықталды. Салдарынан бұл жайылымдық жерлердің тапшылығына әкеп соққан.

Ұқсас материалдар