Азия даму банкінің Asian Development Outlook 2026 шілде айындағы баяндамасына сәйкес, геосаяси шиеленіс пен әлемдік энергетика нарығындағы құбылмалылыққа қарамастан, Қазақстан экономикасы алдағы екі жылда тұрақты өсімін сақтайды.
АДБ бағалауынша, Қазақстанның ЖІӨ 2026 және 2027 жылдары 4,5%-ға өседі. Банк сарапшыларының пікірінше, экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші ішкі сұраныс болып қала береді.
Сонымен қатар инфляцияның біртіндеп бәсеңдеуі күтіледі. Болжам бойынша, 2026 жылы инфляция 10,4%-ды құраса, 2027 жылы 9,5%-ға дейін төмендейді.
Сонымен бірге АДБ дамушы Азия және Тынық мұхиты өңірі елдері бойынша экономикалық өсім болжамын 4,9%-ға дейін төмендетті. Негізгі тәуекелдер қатарында геосаяси шиеленістің күшеюі, жаһандық қаржы жағдайының қатаюы, шикізат бағасының өсуі және халықаралық саудадағы белгісіздік аталды.
Еске салсақ, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4,2%-ға өсті.





