ЖАҢАЛЫҚТАР
Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы шекті деңгейден асып кеткен

Мысалы, картоптың шекті бағасы 275 теңге болса, нақты сату бағасы 415 теңгені құраған (+44%). Осындай баға өсімдері сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт және айран өнімдерінде де тіркелген.
- Заңнамаға қайшы түрде жергілікті атқарушы органдар тиісті мониторинг жүргізбеген. Бұл деректердің бұрмалануына және баға өсуіне бақылаудың болмауына әкелген. Сондай-ақ ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған дүкендер жоқ екені анықталды, - делінген ақпаратта.
Прокуратура араласқаннан кейін баға мониторингі күшейтіліп, сауда нүктелерімен шекті бағадан асырмау жөнінде жұмыс басталды.
Аягөз қаласындағы екі дүкенмен әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы келісім жасалды.