Бізге жазылыңыз:

50 млрд теңге әлеуметтік ипотекаға бағытталуы мүмкін

50 млрд теңге әлеуметтік ипотекаға бағытталуы мүмкін

Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің 50 млрд теңгесін халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсау ұсынылды.

Депутаттардың айтуынша, қазіргі таңда "2-10-20" бағдарламасы бойынша жаңа нысандарды мақұлдау уақытша тоқтатылған. Себебі республикалық бюджеттен қаржы қарастырылмаған, ал қайтарымды қаражат жеткіліксіз.

Сонымен қатар, Отбасы банк ұлттық даму институты мәртебесін алуда. Алайда алдағы үш жылға арналған бюджеттік жоспарларда да 2%-дық несиелеу көзделмеген. Бұл жағдай халықтың әлеуметтік наразылығын тудыруы мүмкін.

Ұқсас материалдар