ЖАҢАЛЫҚТАР
432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау туралы ақпарат жалған
Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз.
Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз, — делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламасында.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.





