ЖАҢАЛЫҚТАР
4 жылда балық өсіретін шаруашылықтар саны 7 есе өскен
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.– 2021 жылдан бері балық шаруашылығына бөлінген субсидия көлемі 7 есе өсіп, 2025 жылы 3,5 млрд теңге болды. Қабылданған шаралардың арқасында жыл сайын балық өсіретін шаруашылықтар саны артып келеді. 2021 жылдан бүгінге дейін олардың саны 4 есе көбейіп, 650 шаруашылыққа жетті, - деді ол.
Айтуынша балық өсіру жақсы дамыған өңірлер легі төмендегідей:
Түркістан – 4,3 мың тонна;
Алматы – 3,7 мың тонна;
Шығыс Қазақстан – 2 мың тонна;
Жамбыл – 1,8 мың тонна.
Жалпы 2025 жылдың 10 айында шамамен 12,2 мың тонна балық өсірілген.