Бізге жазылыңыз:

36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды

36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысының нәтижесінде Қазақстанда 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

1 шілдедегі жағдай бойынша еңбек инспекторлары 3,6 мыңнан астам тексеру жүргізіп, жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берді. Сонымен қатар қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жалақының уақытылы төленуі ерекше бақылауда. Тексерулер барысында бірқатар кәсіпорында еңбекақы бойынша берешек анықталып, жұмыс берушілермен бірге оны өтеу кестелері бекітілді. Қазіргі таңда олардың орындалуы тұрақты бақылауда, нәтижесінде қарыздың бір бөлігі өтеліп, жүздеген жұмыскердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар