
Министр орынбасарының мәліметіне сәйкес, Президент бастамаларына 285 млрд теңге бөлінеді. Субвенция көлемі — 5,1 трлн теңге.
— Басымдық негізгі міндеттемені толық қаржыландыруға беріледі. 2026 жылғы бюджетті Ұлттық қордан мақсатты трансферт тартпай-ақ теңгерімді етуді көздеп отырмыз. Жалпы көлемі 36,2 трлн теңге болатын шығыстың ішінде 27,7 трлн теңге қолдау тапты. Бұл әкімдіктермен жүргізілген ауқымды бірлескен жұмыс нәтижесі, тек маңызды әрі қажетті бағыттар іріктелді. Шығысты оңтайландыру және басымдықтарды қайта бөлу жүргізілді. Бұл базалық ағымдық шығысты қысқартуға мүмкіндік берді, жалпы шығыстың үлесі 15%-дан 12,3%-ға дейін төмендеді. Өкілдік және ағымдағы сипаттағы шығысты оңтайландырылып, нақты секторға қайта бағытталды, — дейді ол.
Бүгін Мәжілісте «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеті арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферт көлемі туралы заң жобасы таныстырылып жатыр.