Бізге жазылыңыз:

2024 жылы әлеуметтік осал топтағы 4,5 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді — министр

2024 жылы әлеуметтік осал топтағы 4,5 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді — министр
— Бюджет шығыстары 98 пайызға орындалып, 23,6 трлн теңгені құрады.
Игерілмеген қаражат — 526 млрд теңгені, оның ішінде Үкімет резерві мен басқа да үнемдеу 12 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, есепті кезеңде әлеуметтік маңызы бар бірқатар бағыттар қаржыландырылды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің еңбекақысын көтеруге 93,8 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік осал топтағы 4 557 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 3 мың 412 км сумен жабдықтау мен су бұру желілері салынды және реконструкцияланды, 90,1 км жылумен жабдықтау желілері жөнделді, — деді М. Такиев.
Оның айтуынша, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде 2024 жылы халық саны 213 мың адамнан тұратын 62 елді мекен газбен жабдықталды. «Ауыл — ел бесігі» аясында 168 жобаны іске асыру бойынша шамамен 152 ауылды елді мекен қамтылды.

— 2024 жылы 12 мың км жол салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Агроөнеркәсіп кешенінің 505 субъектісі қаржыландырылып, 3 585 субъектіге кредит берілді, 577 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатып алынды. Соның арқасында Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері 2024 жылы 3,2 млн гектардан астам алқапта егіс жұмыстарын белгіленген мерзімде жүргізді, — деді министр.

Ұқсас материалдар