Бізге жазылыңыз:

2000 теңгенің ескі үлгісі қолданыстан шығарылды

2000 теңгенің ескі үлгісі қолданыстан шығарылды

Қазақстанда 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың айналым мерзімі аяқталды. 25 маусымнан бастап бұл купюралар төлем құралы ретінде қолданылмайды және сауда орындарында қабылданбайды.

Дегенмен азаматтар қолындағы ескі банкноталарды жаңасына айырбастай алады. Ұлттық банктің мәліметінше, 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік купюраларды 2029 жылғы 25 маусымға дейін екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде айырбастауға мүмкіндік бар.

Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдары мұндай банкноталарды мерзімсіз қабылдап, айырбастайды.

Айырбастау сомасына шектеу қойылмаған. Алайда екінші деңгейлі банктер мен Қазпошта өздерінің ішкі тарифтеріне сәйкес комиссия алуы мүмкін. Ұлттық банк филиалдарында айырбастау қызметі жеке басты куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда тегін көрсетіледі.

Еске салайық, «Сақ стилі» сериясындағы жаңа 2000 теңгелік банкнота 2025 жылдың екінші тоқсанында айналымға шығарылған болатын. Енді бұл купюра аталған номиналдағы жалғыз заңды төлем құралы болып саналады.

Ұқсас материалдар