Бізге жазылыңыз:

1 қазаннан бастап онлайн қарыз рәсімдеу кезінде сауалнама жүргізеді

1 қазаннан бастап онлайн қарыз рәсімдеу кезінде сауалнама жүргізеді

2026 жылғы 1 қазаннан бастап банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптардың бірқатар нормасы күшіне енеді. Жаңа талаптар екінші деңгейдегі банктерге, ислам банктеріне, Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердің филиалдарына, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.

Өзгерістердің бірі тұтынушылық банктік қарыздарды сыртқы қайта қаржыландыру тәртібіне қатысты.

Енді басқа банктік қарыз немесе микрокредит бойынша берешекті өтеу үшін берілетін қарызды рәсімдеудің арнайы тәртібі белгіленеді. Бұл ретте банк қарыз алушының қайта қаржыландырылатын қарыз рәсімделген банкке немесе микроқаржы ұйымына қаражатты тікелей аударуға келісімін алуы тиіс.

Сондай-ақ мұндай берешекті өтеу тәртібі де регламенттеледі.

Онлайн қарыз рәсімдеген кезде сауалнама жүргізіледі

Тағы бір өзгеріс интернет арқылы қарыз рәсімдеу кезінде алаяқтық әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыз туралы шарт жасалғанға дейін банк жеке тұлғаға сауалнама жүргізеді.

Егер сауалнама барысында алаяқтық белгілері анықталса немесе қарыз алушының үшінші тұлғалардың ықпалымен әрекет етуі мүмкін екені байқалса, банк қосымша тексеру жүргізеді.

Тексеру нәтижесі бойынша қаржы ұйымы қарыз беру жөнінде тиісті шешім қабылдайды.

Осылайша, қазан айынан бастап банктер күмәнді операцияларды анықтауға және клиенттерді онлайн қарыз рәсімдеу кезінде қорғауға бағытталған қосымша тетікке ие болады.

Ұқсас материалдар