Бізге жазылыңыз:

ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет Алматыда табысталады

ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет Алматыда табысталады

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады. Марапаттау рәсімі 11 қарашада Almaty Arena алаңында өтетін ICONIC Awards 2026 салтанатты іс-шарасы аясында ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлады.

Жаңа марапат қаланың туристік әлеуеті, табиғаты, мәдениеті, гастрономиясы мен көрікті жерлері туралы ақпарат таратып, қазақстандық және шетелдік аудиторияның назарын Алматыға аударуға үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалауға бағытталған.

Байқауға саяхат блогерлері, цифрлық контент авторлары, гидтер, туроператорлар, туристік компаниялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Сондай-ақ оқиғалы, мәдени, гастрономиялық және экологиялық туризм бағыттарындағы жобалардың авторларынан өтінімдер қабылданады.

ICONIC Awards креативті индустрия өкілдерін, блогерлерді, журналистерді және пікір көшбасшыларын біріктіреді. Туризмге арналған жаңа номинацияның жеңімпазына ICONIC Awards 2026 марапаты табысталады.

Іс-шараның серіктестері — Visit Almaty және EACI.

Өтінімдерді қабылдау басталды. Байқауға қатысу үшін өтінімді ICONIC Awards ресми сайты арқылы беруге болады.

Дереккөз: Алматы қаласының Туризм басқармасы.

Ұқсас материалдар