Бізге жазылыңыз:

Сербияда 44 қазақстандық компания істейді

Сербияда 44 қазақстандық компания істейді
Сербияда қазақстандық капитал қатысқан 44 компания мен 73 жеке кәсіпкер тіркелген. Бұл туралы Сербияның халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту министрі Ненад Попович Қазақстан–Сербия Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысында хабарлады. Ненад Поповичтің айтуынша, соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2025 жылы сауда көлемі 7%-ға артқан және шамамен 117 миллион АҚШ доллары болған.

— Қолданыстағы еркін сауда келісімі екі ел арасындағы экономикалық байланысқа тұрақты негіз береді. Енді осы негізді нақты жобалар мен кәсіпкерлерді қолдау шаралары арқылы нығайту маңызды, — деді Попович.
Министр Қазақстанның Сербиядағы кәсіпкерлік белсенділігі туралы мәлімет берді.

— Қазіргі таңда Сербияда қазақстандық капитал қатысқан 44 компания мен 73 жеке кәсіпкер тіркелген. Бұл аз көрсеткіш, сондықтан біздің міндетіміз — бұл санды арттыру және сербиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға тарту, — деді ол.
Поповичтің айтуынша, Сербия Президентінің Астанаға сапары кезінде 8–10 жаңа келісімге қол қойылуы жоспарланып отыр. Бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар