— Қазақстандық инвесторлармен бірге өндірісті кеңейтіп, өнімді Қазақстан нарығына жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, органикалық өнімге басымдық беріліп, жеміс ағаштарын қорғауға арналған құралдарға қызығушылық бар, — деді Иветич.
Гроцка муниципалитетінің жобалық координаторы Радe Иветич Іскерлік кеңес екі ел үшін де тиімді болатынын алға тартты.
— 2022 жылдан бері Қазақстанның экономикалық өкілдері Сербиядағы жобаларды зерттеп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағалап келеді. Қазіргі уақытта келіссөздер жалғасуда, нақты инвестициялық ұсыныстар әлі түспеген. Дегенмен, бұл Іскерлік кеңес екі ел үшін де тиімді ынтымақтастықты көрсетуге мүмкіндік берді, — деді ол.
Жоба жеміс-жидек өндірісін дамытуға, органикалық өнім көлемін ұлғайтуға және экспортты кеңейтуге жол ашады.





