Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Орталық Азиядағы ең гүлденген ел атанды

Қазақстан Орталық Азиядағы ең гүлденген ел атанды

Қазақстан Legatum Prosperity Index 2026 нұсқасы бойынша Орталық Азиядағы ең гүлденген мемлекет деп танылды. 161 елді қамтитын жаһандық рейтингте Қазақстан 66-орыннан көрініп, өңірдегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Prosperity Institute әзірлейтін индекс елдердің әл-ауқатын үш негізгі бағыт бойынша бағалайды: даму, еркіндік және қоғамдық байланыстардың жай-күйі. Рейтингті қалыптастыру кезінде экономикалық мүмкіндіктер, мемлекеттік басқару сапасы, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, инвестициялық ахуал және бизнес жүргізу шарттары сияқты ондаған көрсеткіш ескеріледі.

Орталық Азия елдері арасындағы рейтинг төмендегідей:

  •  Қазақстан — 66-орын;

  •  Қырғызстан — 87-орын;

  •  Өзбекстан — 94-орын;

  •  Тәжікстан — 129-орын;

  •  Түрікменстан — 150-орын.

Ресей рейтингте 103-орынға жайғасты.

Әлемдік рейтингтің көшін Швейцария бастады. Алғашқы бестікке сондай-ақ Норвегия, Ирландия, Дания және Финляндия енді. Бұл елдер өмір сүру сапасы, тиімді мемлекеттік институттары және тұрақты экономикалық дамуымен ерекшеленеді.

Қазақстанның 66-орынға көтерілуі елдің Орталық Азиядағы көшбасшылық позициясын тағы бір мәрте растады. Бұл нәтиже халықаралық сарапшылар бағалайтын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өзгерістердің бар екенін көрсетеді.

Ұқсас материалдар