Қазақстан экономикасының өсімі 2026 жылдың алғашқы алты айында 4,1% болды. Ұлттық статистика бюросының жедел деректеріне сәйкес, қаңтар–маусым айларында өндіріс әдісімен есептелген ЖІӨ көлемі 70 948,7 млрд теңгені құрады.
Ең жоғары өсім құрылыс саласында тіркелді. Оның көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артқан. Одан кейін өңдеу өнеркәсібі (9,8%), көлік және қоймалау (7,1%), көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (5,7%), сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығы (4,4%) келеді.
ЖІӨ құрылымында қаңтар–маусым айларында тауарлар өндірісінің үлесі 36,4%, ал қызметтер өндірісінің үлесі 55,4% болды. Экономикадағы ең ірі үлес өнеркәсіпке тиесілі — 28,6%.
Жалпы экономикалық өсімге негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі қосты — 1,25 пайыздық тармақ. Көтерме және бөлшек сауданың үлесі 0,93 пайыздық тармақ, ал құрылыс саласының үлесі 0,79 пайыздық тармақ болды.





