
Министр келтірген мәліметке сүйенсек, 854 блогерге 72 млрд теңге табыс салығын төлеу жөнінде хабарлама жіберілді. Оның ішінде 394 блогер 11,8 млрд теңге салық төледі.
— Қалған 438 блогерге қатысты тексеру жүргіземіз, — деп толықтырды ведомство басшысы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 360-қа жуық блогер өз еркімен 10,5 млрд теңге сомасындағы табысын растады. Төлем 256 млн теңге (салық) болды.