Оның айтуынша, жобаға сәйкес елорданың 2026 жылға арналған нақтыланған бюджеті 1 трлн 360 млрд 833 млн теңгені құрайды.
— Түсімдер құрылымы төмендегідей:
— меншікті кірістер — 1 трлн 193 млрд 196 млн теңге;
— республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер — 102 млрд 921 млн теңге;
— мемлекеттік бағалы қағаздар шығару — 20 млрд теңге, — деп толықтырды спикер.
Сонымен қатар АйжанТүгелбаева мәслихат комиссияларының отырыстарында нақтыланған бюджет жобасы талқыланғанын атап өтті. Депутаттардың ұсынымдарын ескере отырып, жекелеген шығыс баптары толықтырылып, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржыландыру қолдау тапқан. Күтілетін қосымша түсімдер есебінен көлік, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру ұлғайтылмақ.





