Бізге жазылыңыз:

Былтыр рекордтық көлемде тұрғын үй пайдалануға берілді

Былтыр рекордтық көлемде тұрғын үй пайдалануға берілді
Биыл еліміз бойынша 18,5  млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты. - Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында Үкіметке 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды тапсырған болатын. Осы мерзім аралығындағы үш жылда тұрғын үй құрылысы жоспарланған көрсеткіштен асыра орындалып жатыр. Өткен жылғы жоспар 19,2 млн шаршы метр болды. Жыл қорытындысы бойынша аталған жоспар асыра орындалып, рекордтық көлемде, яғни 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы, жоспарлы көрсеткіш он сегіз өңірде артығымен орындалды, - деді министр.
Оның мәліметінше, биыл тұрғын үй құрылысының болжамды көлемі 18,5 млн шаршы метр және қосымша шаралар қолданған жағдайда бұл көрсеткішті арттыруға мүмкіндік бар.

- Ең жоғары көлем Астана, Алматы және Шымкент қалаларында болжанып отыр, - деді Ерсайын Нағаспаев.

Ұқсас материалдар