Арқалық қаласының әуежайына IATA халықаралық AYK коды ресми түрде қайта берілді. Шешімді Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) 2026 жылғы 12 тамызда қабылдады.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Арқалық әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР Көлік министрлігі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асырылды.
AYK коды әуежайды халықаралық авиация жүйелеріне интеграциялауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол әуе билеттерін брондау және рәсімдеу жүйелерінде, рейстер кестесінде және азаматтық авиацияға қатысты басқа да жаһандық ақпараттық платформаларда қолданылады.
Министрліктің мәліметінше, AYK коды Арқалық әуежайында бұрын да қолданылған. Енді ол ресми түрде қалпына келтірілді.
Халықаралық кодтың қайтарылуы әуежай инфрақұрылымын жаңғырту және оның алдағы уақытта көлік қолжетімділігін арттыру бағытындағы маңызды кезеңдердің бірі болып отыр.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Семейде жаңа автокөлік көпірінің құрылысы жалғасып жатыр
- 12 августа, 2026
Өскемен ЖЭО қуаты 100 МВт электр және 130 Гкал/сағ жылуға артады
- 12 августа, 2026





