Логистикалық аймаққа әуежайлар, Ақтау және Құрық порттары және теңіз терминалдары («Саржа» халықаралық теңіз терминалы) кірді. Алдағы уақытта «Ақтау теңіз порты» аймағын 382 гектарға кеңейту көзделіп отыр. Яғни, аймаққа «Ersai Caspian Contractor» қазақстандық құрылыс және теңіз компаниясының территориясы қосылып, сауда, логистика және теңіз инфрақұрылымын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Бұған дейін Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Ақтау мен Құрық порттары жаңғыртылып, Әзербайжаннан екі кеме сатып алынатынын айтқан еді.





