Джули Стаффт екі ел көптеген формат аясында байланыс орнатқанын айтты.
— Мәдениет саласында келісімдеріміз бар. Адамдар арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз өркендеуде. Бұл ықпалдастықты кеңейте түскенімізге және қарым-қатынасымызды нығайтып жатқанымызға қуанамыз. Іс жүзінде барлық салада серіктеспіз деп санаймын. Бүгінде бұл ынтымақтастығымыз бұрынғыдан да жедел дамып келеді. Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп өзара тығыз әрі тұрақты қарым-қатынас орнатқан. Президент Тоқаев қараша айында Вашингтонға сапармен барды. Таяуда ғана Президент Трамппен телефон арқылы әңгімелесті. Жуырда Құрама Штаттарға тағы да бармақ. Аталған қарым-қатынас алдағы уақытта да қарқынды түрде дами береді деп сенеміз, — деді ол.
АҚШ Елшісі Президент Тоқаев пен Трамп ұдайы байланыста екенін, өте жиі диалог құратынын ескес алды. Алдағы уақытта олар тағы жүздесетінін айтып, жаңа ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екіжақты байланыстардағы басым бағыттарын талқылағанын жеткізді.
— Бұл ретте бізге Президент Дональд Трамп толық қолдау көрсетеді. Екі мемлекет басшысының көмегімен өзара ынтымақтастығымызды кеңейтуге аса ықыластымын. Қазақстан Президентімен және оның жанындағы адамдармен өте мазмұнды, достық рәуіште кездесу өтті. Сонымен қатар кеше Сыртқы істер министрімен келіссөз жүргіздім. Алдымызда көптеген жұмыс күтіп тұр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Вашингтонға жасаған сапарының қорытындысын сауда-экономика, мәдениет, қорғаныс және гуманитарлық салалардағы байланысымызды нығайтуға, екі ел халқының арасын жақындатуға қолдануымыз қажет. Бұл жұмыс қазірден басталады, — деді Джули Стаффт.





