Бізге жазылыңыз:

Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы шекті деңгейден асып кеткен

Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы шекті деңгейден асып кеткен
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар облыс орталығына нақты жағдайға сәйкес келмейтін, яғни бағаларды төмендетіп көрсеткен мәліметтер ұсынған.

Мысалы, картоптың шекті бағасы 275 теңге болса, нақты сату бағасы 415 теңгені құраған (+44%). Осындай баға өсімдері сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт және айран өнімдерінде де тіркелген.

- Заңнамаға қайшы түрде жергілікті атқарушы органдар тиісті мониторинг жүргізбеген. Бұл деректердің бұрмалануына және баға өсуіне бақылаудың болмауына әкелген. Сондай-ақ ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған дүкендер жоқ екені анықталды, - делінген ақпаратта.
Прокуратура араласқаннан кейін баға мониторингі күшейтіліп, сауда нүктелерімен шекті бағадан асырмау жөнінде жұмыс басталды.

Аягөз қаласындағы екі дүкенмен әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы келісім жасалды.

Ұқсас материалдар