Шаруаларға арналған дизель нарықтағы бағадан 15% арзан болады – министр
Көктемгі егін жұмыстары үшін шаруаларға дизель отыны жанар-жағармай станцияларынан 15% арзанырақ бағамен беріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында айтты.
