2026 жыл басынан 163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 30,3 мың отбасындағы 163,3 мың адамға 5,2 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.









