Оның айтуынша, осы жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 8,5%-ға дейін жеделдеді. Өсім 18 өңірде тіркелді. Ең жоғары өсу Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды. Ал Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында өндірістің төмендеуі тіркелді.
- Былтыр экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті және екінші жыл тау-кен өнеркәсібінің үлесінен жоғары болып отыр. Мұнай секторының жалпы ішкі өнімдегі үлесі екі есеге төмендеді. 2010 жылы 16,5%-дан 2024 жылы 8,1%-ға дейін, - деді вице-министр.





