Бізге жазылыңыз:

Жыл басынан бері ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті — Дархан Иманашев

Жыл басынан бері ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті — Дархан Иманашев
— 2025 жылы 1700 шақырым болатын 9 жаңа учаске ақылы жолдарға қосылды. Осылайша ақылы учаскелердің жалпы саны 26-ға жетіп, ұзындығы 4900 шақырым болды. 11 айда ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті, — деді ол Үкімет отырысында.
Компания басшысы түскен қаражат есебінен 4900 шақырым ақылы жолды күтіп ұсталып, жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтады.

— Төлем жүйесінің инфрақұрылымы қалыптастырылды. 1000 мыңға жуық арнайы техника сатып алынып, инвестордың шығындары төленді. 1200 қызметкерге айлық төленіп, өзге де әкімшілік шығындары өтелді. 61 мың шаршы метр шұңқыр бітеліп, 140 мың жол белгісі орнатылды, — деді Дархан Иманашев.

Ұқсас материалдар