ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды лицензиялау және сәйкестендіру саласында уәкілетті орган. Ол экспортқа, импортқа және транзитке лицензиялар мен рұқсаттар береді, сондай-ақ тауарларды арнайы санатқа жатқызу немесе жатқызбау туралы қорытынды шығарады.
— Тұрақты түрде тауар тасымалдайтын брокерлер мен кедендік өкілдер лицензияның дайын екеніне көз жеткізіп, рұқсат құжаттарын алдын ала рәсімдеуі керек. № 424 бұйрықта тауарлардың қандай рұқсат құжаттарына жататыны көрсетілген, — деді Замира Малдыбаева.
Лицензия мен қорытынды алу мемлекеттік қызмет ретінде жүзеге асады. Өтінішті e-License немесе eGov порталдары арқылы тапсырып, қажетті құжаттарды тіркеу қажет.





