Ол үшін грант алушыларға контрагенттермен тікелей есеп айырысуға мүмкіндік беретін эскроу-шоттар қолданылмақ. Бұл тетік шығындардың ашықтығын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арнайы салық режимі аясында операция жүргізуге арналған жеке банк шоттарын ашу мүмкіндігі енгізіледі. Бұл жаңалық олардың қаржылық операцияларын бөлектеуге және салық міндеттемелерін нақты орындауға жағдай жасайды.
Ұлттық банк аталған шаралар құжат күшіне енген сәттен бастап өз тиімділігін көрсетеді деп күтеді. Жоба грант қаржысын бақылауды оңтайландыруға, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жаңа талаптарға сай жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.





