
Жетісу облысының Талдықорған қаласында қоқысты жағу және қайта өңдеу зауыты салынбақ. Құрылыс үшін 1,3 гектар жер телімі бөлінді. Жобаның құны – шамамен 11 млрд теңге.
Зауыт Талдықорған, Ескелді және Көксу аудандары мен Текелі қаласының қалдықтарын өңдейтін болады. Мұнда жылына 5 МВт электр энергиясы және сағатына 15 Гкал жылу өндірілмек. 70 жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта жобалық құжаттама әзірленуде.
Сонымен қатар, өңірде қоқыс өңдеуге қатысты жалпы сомасы 6,2 млрд теңгеге алты инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуы мүмкін.